Елордада жасыл-желектер саны екі есе көбейеді
13 желтоқсан, 2024


фото: Бақтыгүл Бурбаева
Бұл туралы Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек «Саясаткер» бағдарламасында берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Биыл қалада 1 млн-нан астам әртүрлі жасыл желектер отырғызылды. Бұл жұмыс тек қаланың негізгі көшелерін ғана емес, тұрғын үй аулаларын да қамтыды. Келесі жылы қалада жасыл желектер 2 есе көбейеді. Өткен жылдың тамыз айында Президент Астананы бес жылдың ішінде үлкен саябаққа айналдыру туралы тапсырма берген болатын. Сондықтан осы бағыт бойынша үлкен жұмыстар атқарылады.
Биыл “Таза Қазақстан” акциясы үлкен көмек болды. Тек қаланың коммуналдық мекемелері ғана емес, барлық қала тұрғындары қолдап, акция бойынша үлкен жұмыс атқарылды,- деді елорда әкімі.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:26
Астанада алдағы күндері қай көшелер жабық болады

Бүгін, 12:15
Құрбан айттың бірінші күні 35 мыңға жуық отбасыға ет таратылды – Діни басқарма

Бүгін, 07:03
Бүгінгі Астананың ауа райы болжамы

6 маусым, 2025
Елордадағы автобус апаты: зардап шеккен баланың отбасына қандай көмек көрсетіліп жатыр