Елордада тағы бір аллея пайда болды
Бұл туралы Астана қаласының мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығына орай барлық сайланымдардың депутаттары Мәңгілік Ел даңғылы бойына 30 қарағай көшетін отырғыздық. Бұл атаулы аллея халық қалаулыларының атымен бекітіледі. Ағаш отырғызу рәсімінен кейін салтанатты жиналыста барлық депутаттарға «Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл» естелік медальдары табысталды. Сонымен қатар, бірқатар депутаттар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қолы қойылған Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды. Үш сайланымның депутаттары – Ерлан Сыдықов, Алтыншаш Табулдина, Бауыржан Смайылов және Рамзия Үмірбаева «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» құрметті атағына ие болды», - деп жазды төраға.