00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық мәслихатта 600-ден астам бейнебақылау камераларын орнату ұсынылды

15 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Астаналық мәслихатта 600-ден астам бейнебақылау камераларын орнату ұсынылды
Фото: Е.Каналимовтың Instagram парақшасынан

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Экономикалық блок пен елорданың бес ауданындағы әкімдер 2024-2025 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер енгізу үшін қажеттіліктерін ұсынды.

Астананың аудандарына қосымша қаржыландырудың негізгі баптары – көшелерді жарықтандыру мен тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізу. Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы қоғамдық орындарда 600-ден астам бейнебақылау камераларын орнатуға шығындарды ұсынды, сондай-ақ кемінде 100 мемлекеттік мектеп пен 38 денсаулық сақтау нысанында кешенді қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру қажеттілігі айтылды.

«Отырыстың қорытындысы бойынша депутаттық корпус тарапынан қаражатты тиімді пайдалану жөнінде бірқатар ескертулер мен ұсыныстар берілді.

Айта кетейін, үш жыл бұрын елорда мәслихатының депутаттары елімізде алғаш болып мемлекеттік органдардың бюджет өтінімдерін келісу және бюджет комиссиясында бекітуге дейін бөлу тәжірибесін қабылдап, оны табысты жүзеге асыруда. Бюджет мәселелері қаралғанға дейін 2-3 ай бұрын бюджет өтінімдерін қарап, шығындардың басым бағыттарын анықтаймыз», - деп жазды Е.Каналимов.