Елімізде шамамен 7,4 млн гектар жерге егін себілді

20 мамыр, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде шамамен 7,4 млн гектар жерге егін себілді
Фото: AGROPRESS

Көктемгі егіс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі күні 7 376,9 мың гектар жерге егін себілді, деп хабарлады Elordainfo.kz AGROPRESS-ке сілтеме жасап.

Шаруалар 17,1 млн гектар алаңда ылғал жабу жұмыстарын жүргізді, 8,1 млн гектарда егіс алдындағы топырақ өңдеу, 1,9 млн гектарда көктемгі жырту жұмыстары атқарылды.

Ақмола облысында – 1 599,3 мың га, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 013,5 мың га, Қостанай облысында – 745,3 мың га, Павлодар облысында – 610 мың га, Қарағанды облысында – 548,1 мың га жерге егін егілді.

Дақылдар құрылымы бойынша: дәнді дақылдар – 4 645,9 мың га, майлы дақылдар – 1 658,5 мың га, мал азықтық дақылдар – 475,5 мың га, көкөністер – 101,7 мың га, картоп – 77,4 мың га, бақша дақылдары – 78,9 мың га, мақта – 141,2 мың га, қант қызылшасы – 17,7 мың га, күріш – 52,3 мың га және басқалары.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс науқанының барлық кезеңдерін бақылауда ұстап отыр. Өңірлердегі жұмыстар кестеге сай жүргізілуде, ресурс қамтамасыз етілуі тұрақты бақылауда.