«Табысы жоғары азаматтар МӘМС-ті көбірек төлейді»: министр өзгерістер туралы айтты

26 наурыз, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Табысы жоғары азаматтар МӘМС-ті көбірек төлейді»: министр өзгерістер туралы айтты
Ақмарал Әлназарованың инстаграм парақшасынан алынды

Мәжіліс отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобасының жаңа заң жобасын таныстырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
 

«Денсаулық сақтау министрлігі барлық мүдделі органдармен бірлесіп,  жүйені нығайтуға бағытталған бірқатар заңнамалық шараларды ұсынады. Бұл өзгерістер медициналық көмектің сапасын арттырып қана қоймай, денсаулық сақтаудың ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Осы бағытта екі бастама ұсынылады. Біріншіден, бұл қызметкерлердің жарналарын есептеу базасының жоғары шегін арттыру мәселесі, екіншіден МӘМС жүйесінде мемлекеттік жарналардың мөлшерлемелерін ұлғайту. Осыған орай 2026 жылы 1 қаңтардан батсап МӘМС жүйесіне жарналарды есептеу үшін базаның жоғары шегін арттыру ұсынылады»,- деді Ақмарал Әлназарова.

Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, жарналарды есептеу үшін жоғарғы шек 10 ЕТЖ-дан 50 ЕТЖ-ға дейін көтеріледі. Бұл өзгерістер табысы жоғары жұмыс істейтін азаматтардың тек 9 пайызына  әсер етпек.