Енді Астана мен Алматы қалаларында жедел жәрдем қызметкерлері видеожетон тағып жүретін болды


Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Денсаулық сақтауды цифрландыру туралы» баспасөз-конференциясында айтылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов Астана мен Алматы қалаларында жедел жәрдем қызметкерлері видеожетон тағып жүретінін айтты. Аталған пилоттық жоба өткен жылдары фельдшерлерге, жедел жәрдем қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсету жағдайларының болуына байланысты қолға алынған.
«Бұл механизм өзінің тиімділігін көрсетті – пациенттер өздерін сыпайы ұстанады, зорлық-зомбылыққа жол бермейді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, Астана тұрғындары жедел жәрдем бригадасының қозғалысын бақылай алады.
«Бұл жоба Астана қаласының әкімдігімен және Yandex Qazaqstan компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылды. Сервис жедел жәрдем қызметінің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді деп ойлаймыз», - деді ДСМ өкілі.



