Жауын-шашын, су деңгейінің көтерілуі: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

20 наурыз, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Жауын-шашын, су деңгейінің көтерілуі: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
фото: Оңалхан Өнерхан

Ауа-райының нашарлауына байланысты еліміздегі бірқатар өңірде өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

2025 жылдың 20 мен 25 наурыз аралығында Ақтөбе облысында орналасқан өзен алаптарының жоғары жағынан ағып келетін суға байланысты Атырау облысының Қызылқоға және Жылыой ауданындағы Ойыл мен Жем өзендерінде су деңгейінің одан әрі көтерілуі болжанды. Өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.

Қостанай облысында 20-22 наурыз аралығында ауа температурасының жылынуына және жаңбыр түріндегі жауын-шашынның болжамына байланысты, қардың қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының қалыптасуы, облыстың өзендерінде су деңгейінің көтерілуі болжанды.

20 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түсуі мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

Ал  түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. 

Бүгін Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыс жел күшейеді - екпіні 15-20 м/с. Ал Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман болжанады. Жел солтүстік-батыс, солтүстік күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м / с.

Таңертең және түстен кейін Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыс желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

20 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде батыста, солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болуы мүмкін. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-батыс желдің екпіні 15-20 м / с құрайды.

Бүгін Абай облысында оңтүстік-шығыс, оңтүстігінде оңтүстік, облыстың орталығында 15-20 жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман болады.

Қостанай облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман. Жел солтүстік, солтүстік-батыс күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м / с.

Бейсенбіде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсуі болжанды. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа, солтүстік-шығысқа, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с ауысады.

Ал Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыс облыстың оңтүстігінде, шығысында күндіз екпіні 15-20 м / с.