00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Жауапсыздық!»: Ләйлә Сұлтанқызы FlyАrystan әуекомпаниясының үстінен арыз жазды

14 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Жауапсыздық!»: Ләйлә Сұлтанқызы FlyАrystan әуекомпаниясының үстінен арыз жазды
фото: Ләйлә Сұлтанқызы/ Instagram

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Шымкенттен Астанаға ұшып келген KC7326 бортта болған келеңсіз жағдайдан жарақат алды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Оқиға 21:50 шамасында елорда әуежайына қонған FlyАrystan әуекомпаниясының бортында болған.

«Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат, отырған маған құлап, КӨЗІМНІҢ ТҰСЫН ЖЫРЫП, ҚАБАҒЫМ ЖАРЫЛДЫ. Бұл @flyarystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бордсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ. Меніңше, орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе жағдай қиын болар еді. Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті!», - делінген жазбада.