“Шрек-5” мультфильмі қашан шығады (ВИДЕО)

Бүгін, 18:47
elordaaqparat elordaaqparat
“Шрек-5” мультфильмі қашан шығады (ВИДЕО)
Видеодан скрин: youtube.com/universalpictures

Universal Pictures кинокомпаниясы «Шрек-5» мультфильмінің алғашқы тизерін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мультфильм 2026 жылдың 23 желтоқсанында прокатқа шығады.

Жаңа бөлімнің басты жаңалығы - Шрек пен Фионаның қызы - бойжеткен Фелицияны танымал американдық актриса Зендея дыбыстайды. 

Ал Шрек әдеттегідей Майк Майерстің, Фиона Кэмерон Диастың, Есек Эдди Мерфидің даусымен сөйлейді.

“Сиқырлы айна, бұл жердегі ең сұлу кім?” – деп сұрайды Есек 30-секундтық видеода.

“Әрине, Шрек”, - деп жауап қатты айна.

Бұдан кейін айна Шректің түрлі бейнелерін көрсетеді: бірінде көзілдірік киіп алса, екіншісінде қара жылтыр былғары киім киіп, билеп тұр, тағы бірінде күшінің көп екені білінеді.

Фелиция әкесінің бейнелерін жақтырмаса, Фиона керісінше күйеуіне қолдау көрсетеді. Шрек болса, мұны кім жасаған деп аң-таң.

Шрек туралы алғашқы фильм 2001 жылы жарық көрген болатын.