00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Отбасы банк келесі жылдан бастап қызмет көрсетуде маңызды өзгеріс болатынын хабарлады

8 қазан, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Отбасы банк келесі жылдан бастап қызмет көрсетуде маңызды өзгеріс болатынын хабарлады
фото: Оңалхан Өнерхан

Отбасы банк 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап депозиттерді толықтыру және кредиттерді өтеу үшін банктің төлем терминалдарын пайдалануды тоқтатады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Банк бұл шешім процестерді оңтайландыру және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қабылданды деп түсіндірді.

«Бізге сенім білдіргеніңізді бағалаймыз және қызметтерімізді одан да ыңғайлы етуге тырысамыз. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 300 нөміріне қоңырау шалсаңыз болады. Төлемдерді жүзеге асыру үшін балама арналарды пайдалануды ұсынамыз», - делінген хабарламада.

Депозитті толықтыру немесе кредиттерді өтеуге Halyk Bank, CenterCredit, Еуразиялық банктің терминалдары мен банкоматтары; Kaspi Bank, Halyk Bank және CenterСredit Банк интернет-банкингі арқылы; «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, Otbasy Bank lite, Jysan Bank, Еуразиялық банк, ForteBank, RBK Банкі, Bereke Bank, Kaspi bank мобильді қосымшаларын пайдалануға болады.