00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда жолаушы тасымалдайтын компанияларға субсидия беру тәртібі күшейтіледі

16 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда жолаушы тасымалдайтын компанияларға субсидия беру тәртібі күшейтіледі
Фото-коллаж: Elordainfo.kz

Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті теміржол бағытында қызмет көрсететін компанияларға талапты күшейтпек, деп хабарлады Elorda.info.

Жолаушыларға қызмет көрсету сапасы, поездардың жай-күйі мен тазалығы және талапқа сай стандарттық нормаларға байланысты субсидия беру мәселесін қарастыру жоспарға енгізілді.

 Аталған комитет өкілдері «Түрксіб-Астана» ЖШС қызмет көрсететін Қостанай – Алматы бағытындағы әлеуметтік маңызы бар жолаушылар пойызын тексерген.

«Тексеру барысында 14 түрлі заң бұзушылықтар анықталды. Жолаушылар вагондарының ішкі және сыртқы келбетінің нормаларына сәйкес келмеуі, кондиционерлері қарастырылған бірақ сол желдеткіші істен шыққан вагондардың қатынауы және санитарлық талаптарға сай келмеуі негізгі заң бұзушылықтар ретінде тіркелді. Тексеріс жұмыстарының нәтижелері бойынша тиісті акт жасалды», - деп көрсетті Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Оның нәтижесі бойынша, тасымалдаушы компанияға 10 күн ішінде тексеру анықталған заң бұзушылықтарды жою тапсырылды.

Елімізде әлеуметтік маңызы бар тұрақты 110 пойыз қатынайды. Жаз соңына дейін жауапты комитет қалған пойыздарға тексеру жұмыстарын жүргізеді.