00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

eGov mobile қосымшасымен жеке үйді газға қосуға болады

19 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
eGov mobile қосымшасымен жеке үйді газға қосуға болады
Фото: Мария Конюхова

Енді жеке үйлер мен жылжымайтын мүлік нысандарының иелері табиғи газға қосылудың техникалық шарттарын eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде ала алады. Қызмет QazaqGaz Aimaq АҚ тұтынушыларына қолжетімді және жеке тұлғалар үшін тегін ұсынылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Газға қосылуға арналған техникалық шарттар – бұл объектіні газ тарату жүйесіне қосу мүмкіндігін растайтын ресми құжат. 

Қызметті мүлік иесі пайдалана алады. Ол үшін пайдаланушы қосымшада көрсетілген барлық міндетті өрістерді толтырып, мүлікке тіркелген құқықтар туралы мәліметтерді растауы қажет.

Қызметті пайдалану үшін:

- eGov mobile мобильді қосымшасында авторизациядан өтуі қажет және «Қызметтер» бөліміне өтіп, «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» – «Газ тарату желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру» батырмасын басу керек;  

- газбен жабдықтау объектісінің түрін көрсету және жылжымайтын мүлік объектісін таңдау қажет;

- объектінің техникалық паспортын тіркеу керек;

- техникалық шарттың түрін, газбен жабдықтау жүйелеріне қосылу себебін және газ шығынын көрсетуі қажет;

- газ жабдығының түрін таңдап, қосу, санын көрсетіп және «Жалғастыру» батырмасын басу керек;

- өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.

Өтінім дұрыс толтырылған жағдайда, қызмет көрсету нәтижесінде техникалық шарттар беріледі, оларды газ тарату ұйымы – QazaqGaz Aimaq АҚ ұсынады немесе негізделген бас тарту шешімі шығарылады.

Табиғи монополиялар саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес техникалық шарттарды беруден бас тартуға келесі жағдайларда жол беріледі:

- реттелетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттар, сыйымдылықтар, QazaqGaz Aimaq АҚ желілерінің орындары, өткізу қабілеттері болмаған жағдайда;

- QazaqGaz Aimaq АҚ желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүлік болмаған жағдайда.

Қызмет көрсету мерзімі объектінің күрделілігіне байланысты: техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 жұмыс күні, күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні.

Айта кетейік, жаңа функция ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Энергетика министрлігімен және QazaqGaz Aimaq АҚ бірлесіп іске асырылды.