00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық зейнеткерлер көңілді старттар ойынына қатысты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астаналық зейнеткерлер көңілді старттар ойынына қатысты
Фото: қалалық әкімдіктің ресми сайтынан

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы спорт күнін зейнеткерлерге арналған қызықты эстафеталармен атап өтті, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық спорт күніне орай зейнеткерлердің денсаулықтарын нығайту және белсенді өмір салтын ұстану мақсатында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері «Жетісу» саябағына жиналып, «Көңілді старттар» спорттық шарасын өткізді.

Саябаққа келушілер қызықты эстафеталар мен түрлі дене шынықтыру жаттығуларын тамашалады.Қатысушылар командаларға бөлінді. Бұл әр ойыншыға өз күші мен шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берді.

Іс-шараның позитивті атмосферасы келушілерді шаттыққа бөлеп, жанкүйерлер қатысушыларға  қолдау көрсетті. Көңілді старттарға қаладағы 200-ге жуық зейнеткер қатысты.