00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада 400 орынға арналған тағы бір жатақхана ашылды

12 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада 400 орынға арналған тағы бір жатақхана ашылды
Фото: Қалалық әкімдіктің ресми сайтынан, Ерлан Каналимов Facebook парақшасынан

Елордада тағы 6 студенттік жатақхана салынып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Олар 4,5 мыңға жуық орынға арналған.

Бүгін Халықаралық Жастар күнінде Астана қаласы әкімдігінің фронт-офисінің қолдауымен М.Жұмабаев 10а мекенжайы бойынша жаңа жатақхана ашылды. Бұл жатақхана 400 орынға шақталған. Ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов, «Bastau Damu kz» ЖШС директоры Арман Халелов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, «Қаржы орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Ибраимов қатысты.

«Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұловпен және Астана әкімінің орынбасары Есет Байкенмен бірге Л.Гумилев атындағы ЕҰУ оқушыларына арналған Студенттер үйін салтанатты түрде аштық. Жаңа алты қабатты ғимарат 400 адамға арналған. Жатақхана барлық заманауи талаптарға сай келеді, құрылыс барысында экологиялық мәселелерге ерекше назар аударылды» - деді Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алдағы уақытта тағы 5 жатақхана салу жоспарланып отыр.

«Екі бөлмеге арналған әр бөлімде жеке санитарлық бұрыш және душ бөлмесі бар. Жатақхана сонымен қатар заманауи асүйлермен, коворкинг-аймақтармен, медициналық кабинетпен, Wi-Fi желісіне қосылған кітапханамен, фитнес-залмен, кір жуатын орынмен және басқа да тұрмыстық, көмекші үй-жайлармен жабдықталған. Биыл МЖӘ аясында 4 489 орындық тағы 5 жатақхана салу жоспарлануда. Мәслихат отырысында Астанада студенттік жатақханалар құрылысының өзекті мәселелерін қарастырамыз» - деді төраға.

Айта кетейік, Астанаға оқуға келетін студенттер саны жыл сайын артып барады. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының балансында 16 мың орынға арналған 40-тан астам студенттік жатақхана бар. Ал жалпы қажеттілік – 6400 төсек-орын.

«Биыл 4,5 мың орынға арналған 6 жатақхана салынса, 2025 жылы тағы 2 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мәселен, былтыр 1800-ден астам төсек-орын ашылды. Әкімдік тарапынан жатақхана салу үшін тағы 4 университетке жер телімдері бөлінді. Ал былтыр 1800-ден астам төсек-орын ашылды. Жатақханалар құрылысы студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы мәселессін шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында іске асырылып жатыр» - деп жазылған хабарламада.