Су жаңа екі көлік сатып алған әнші жұрт көрімдік бермеді деп ренжіді (ВИДЕО)

Фото: https://www.instagram.com/ibragimovserik
Танымал әнші Серік Ибрагимов өзі мен әйеліне алған көлікті көрсетіп, жұрттан көрімдік сұрады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Ол Instagram-парақшасында видео бөлісіп, су жаңа көліктерінің маркасын да айтады.
«Біздің жаңа темір тұлпарларымыз. Баршаңызға жұғысты болсын! Көрімдік жіберемін дейтін ойыңыз болса, Айнамкөзге жіберіңіз», – деп жазды әнші.
Алайда Ибрагимов ешкімнің көрімдік бермегенін айтып, ренжіді.
«Бір де бір адам көрімдік бермеді. Осы адамдар қызық?! Жұғысты болу үшін көрімдік беру керек емес пе?! Біз болсақ барымызды береміз. Мынау майды ішеді екен. Машинамның маркасы анық көрініп тұр. Құны – 100 миллион теңге», – деді әнші.
Ұқсас жаңалықтар

17 қыркүйек, 2025
Полицейлер жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады

17 қыркүйек, 2025
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» байқауы басталды

17 қыркүйек, 2025
Халықты баспанамен қамту: өңірлердегі қазіргі жағдай қалай

17 қыркүйек, 2025
Қазақстанда бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақы мөлшері қандай