US Open қарсаңында қазақстандық теннисшілердің рейтингі анықталды

фото: olympic.kz/Владислав Семенов
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы АҚШ ашық біріншілігінің алдында спортшылардың рейтингін жаңартты. Бұл туралы Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АТР рейтингінде 27-орынды сақтап қалды.
Александр Шевченко бір сатыға төмендеп, 61-орыннан көрінді.
Михаил Кукушкин 117, Дмитрий Попко 181-сатыда. Ал турнирдің негізгі айналымына жолдама алған Тимофей Скатов бір сатыға көтеріліп, 188-орынға жоғарылады.
Айта кетелік, АҚШ ашық біріншілігі 26 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.
Ұқсас жаңалықтар

16 тамыз, 2025
Қазақ күресінен әскерилер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік шықты

15 тамыз, 2025
CISM әлем чемпионаты: ұлттық құрама 8 алтын, 6 күміс, 2 қола медаль иеленді

15 тамыз, 2025
Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

15 тамыз, 2025
Қазақ күресінен CISM әлем чемпионаты: бүгін боз кілемге кімдер шығады