00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Funny sport: «Астана» клубының баскетболшылары жастарға жаттығу өткізді

10 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Funny sport: «Астана» клубының баскетболшылары жастарға жаттығу өткізді
Фото: автордан

Бүгін Триатлон саябағында  баскетболдан жастарға арналған ашық жаттығу өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Тек Қазақстанда ғана емес, ВТБ Бірыңғай лигасында шетелдік клубтармен шеберлік байқасып жүрген «Астана» баскетбол клубының ойыншылары елорда жастарының шеберліктерін арттыру мақсатында ашық кездесу ұйымдастырды.

Шара барысында кәсіпқой баскетболшылар пайдалы кеңестер беріп, дұрыс секірудің әдісін көрсетті. Кейін жиналған жастар кезекпен «Астана» клубының ойыншысымен бірге-бір ойнап, нағыз баскетболды сезінді. Ал себетке дәл түсірген жасөспірімдер арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды.

Баскетбол — Олимпиадада ең көп қаралым жинайтын спорттың бірі. Сондықтан Токио Олимпиадасынан бастап, бұл спорттың ауқымы кеңейіп, 3×3 форматы да енгізілді. Бұл баскетболға қызығатындардың қатары артып жатыр дегенді аңғартады.

 

«Funny sport жобасы салауатты өмір салтын насихаттайды. Жобамызда көптеген спорт шаралары қамтылған. Бүгін көше баскетболынан арнайы жаттығу ұйымдастырылды. Елордамыздың басты спорт клубының бірі саналатын «Астана» баскетбол шеберлері жас ұрпаққа тәжірибелерін көрсетті. Бұл жақсы эмоция сыйлайды деген сенімдеміз. Жалпы бұл жоба арқылы біз қаламыздағы барлық спорт алаңдарын қамтып, тегін қай жерде айналысуға болатынын көрсетеміз», - деді іс-шара  ұйымдастырушысы  Жамиля Федосова.

 

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығын да түсіндіріп, қоршаған ортаны  таза ұстауға шақырды.