Референдум-2026

Елордалық студент Аустралияда өткен чемпионатта алтын медаль жеңіп алды

Елордалық студент Аустралияда өткен чемпионатта алтын медаль жеңіп алды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Astana Polytechnic жоғары колледжінің студенті Нұрлан Рамазан Аустралияда өткен «Global Skills Challenge Australia-2026» халықаралық чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Аталған жарыста Нұрлан Рамазан «Мехатроника» санаты бойынша бақ сынап, өз шеберлігін дәлелдеді. Сонымен қатар, ол чемпионаттың Best of Nation арнайы марапатына ие болып, еліміздің абыройын халықаралық аренада асқақтатты.

Жеңімпазды жарысқа халықаралық сарапшы, Astana Polytechnic жоғары колледжінің оқытушысы Самир Керімов дайындады. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегі жоғары бағаланып, халықаралық деңгейде зор жетістікке ұласты.

Айта кетерлігі, Astana Polytechnic жоғары колледжінің тағы бір студенті де чемпионатта табысты өнер көрсетті. Ол «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша бақ сынап, қола медаль иеленді.

Еске сала кетсек, отандық жас математиктер Балқан олимпиадасында әлемнің үздік бестігіне енді