«Таза Қазақстан»: Орманда от жаққандарға 432 мың теңгеге дейін айыппұл салынады

Бүгін, 16:21
Думан Аманжол Думан Аманжол
«Таза Қазақстан»: Орманда от жаққандарға 432 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
Фото: magnific.com

Жаз мезгілінің басталуымен тұрғындардың табиғат аясындағы демалысы жиілейді. Осыған байланысты мамандар қоршаған ортаны қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Заңнамаға сәйкес, қоғамдық орындарда қоқыс қалдырғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандарға айыппұл салынады. Ал орман және қорықтарда құқық бұзушылық жасағандарға жаза қатаңырақ. Атап айтқанда, рұқсат етілмеген жерде от жаққаны үшін 432 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында бүгінге дейін 1,5 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды. Нәтижесінде 2 млн тоннадан астам қоқыс шығарылып, 5,5 млн-нан астам ағаш отырғызылды.

Мамандар табиғатты қорғау әр азаматтың ортақ міндеті екенін еске салып, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.

Еске салсақ, Баянауыл маңындағы дала өрті толық сөндірілді.