Референдум-2026

Астанада Әлімбаев көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысы ішінара жабылады

27 маусым, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада Әлімбаев көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысы ішінара жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 27 маусым күні сағат 14:00-ден 28 маусым күні сағат 16:00-ге дейін Әлімбаев көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысында маршруттық жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты аталған қиылыста көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет», делінеді хабарламада.

Еске салсақ, 25–27 маусым күндері Нұржол бульварында Ақмешіт көшесінен Қазақ радиосы көшесіне дейінгі аралығында маршруттық жөндеу жұмысы жүргізілетінін жаздық.