Жанар Айжанова қызы Айжұлдызды ұзатты

25 сәуір, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Жанар Айжанова қызы Айжұлдызды ұзатты
Фото: Айжұлдыз Адайбекова/Instagram

Желіде қазақстандық актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекованың ұзату тойынан видеолар жарияланды. Салтанатты шараға қалыңдық пен күйеу жігіттің туыстары, жақын достары мен әріптестері қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Белгілі актриса әрі әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова Instagram желісінде сторис бөлімінде тойда түсірілген кадрларды бөлісті.

Айжұлдыз Адайбекова ұзату тойына шақырылған қонақтар алдына ерекше образда шықты. Ол салтанатты кешке арналған көйлегінің үлгісін өзі ойластырып, тіктірген.

Күйеу жігіт, белгілі блогер Сәкен Қағаров енесі Жанар Айжановаға гүл шоғын сыйлады.

Кейін мерекелік шараның кейіпкерлері дәстүр бойынша ортаға шығып вальс биледі. Сондай-ақ салтанатты шарада қалыңдық пен күйеу жігіттің танымал әріптестері ән шырқады. Әнші Ақбота Сейітмағамбет өз өнерімен тойдың сәнін келтірді.