Шерзат ісі: сотта Қаржаубай Нұрымовтың пышағы көрсетілді


Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Сотта Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың тергеу кезінде берген жауабының бейнежазбасы көрсетілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бейнежазбада Қаржаубай Нұрымов оқиға күні «Қамажай» дүкенінен май мен нан кесуге арналған, басы дөңгелек пышақ алғанын айтты. Ол пышақты балаларды қорқыту мақсатында қолданбақ болған.
«Бірінші болып пышақпен қорқытқан — Нұрбол Тоқтаубаев. Оның қолында пышақ болғандықтан, мен де дүкеннен алып шықтым. Бірақ бұл сәт видеоға түспей қалған», - деді ол.
Сараптамаға сәйкес, пышақтың жалпы ұзындығы – 29 см, жүзі – 15 см, сабы – 15 см.
Алайда сотталушылардың бірі видеода Қаржаубайдың қолында басқа, сары түсті пышақ болғанын алға тартты. Судья бұл мәселе жарыссөз барысында қаралатынын мәлімдеді.



