Мәслихат төрағасы мен депутат пара берді деген күдікке ілінді

Мәслихат төрағасы мен депутат пара берді деген күдікке ілінді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының төрағасы және депутаты жемқорлыққа күдікті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының төрағасы мен депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Мәслихат төрағасы аффилиирленген фирманың жергілікті мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік сатып алу шарттарының талаптарын орындамауына байланысты аудит барысында анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қолданбағаны үшін депутат арқылы облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне 2 млн теңге сомасында пара берді деп айыпталып отыр.

Биыл 23 қаңтарда қадағалаушы прокуратура айыпталушыларды сотқа берді.