Елордалық құтқарушылар жатақханадағы өртті сөндірді

Фото: ТЖМ
Астана қаласы Байқоңыр ауданындағы жатақханалардың бірінде бөлмелер мен ғимараттың шатыры жанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде шатыр мен 3 және 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатты. ТЖМ күштері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, - делінген ТЖМ хабарламасында.
Өртті сөндіру жұмыстарында оқиға орнындағы автокөліктердің тұруы қиындатты. Өрт 850 шаршы метр аумақта сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:36
Жамбыл облысында кәмелетке толмағандарды медициналық тексеруден өткізу кезінде заң бұзушылықтар анықтады

Бүгін, 16:05
Астанада жүк көлігі жанып кетті (ВИДЕО)

Бүгін, 15:15
Абай облысында жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр

Бүгін, 12:53
Елімізде 18 жасқа толмаған екі қызды некеге мәжбүрлегендерге қатысты қылмыстық іс тіркелді