Мемлекет басшысы Корея халқына көңіл айтты
28 наурыз, 2025
фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Корея Президентінің міндетін атқарушы Хан Док Суға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Оңтүстік Корея елінде болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны мен табиғат апатының қоршаған ортаға тигізген зияны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
«Осындай ауыр сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, барша Корея халқына, бақи болған азаматтардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Жарақаттанған адамдардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін. Корей халқының төтенше жағдайдан туындаған қиыншылықтарды тез арада еңсеретініне кәміл сенемін», – деп жазды Президент.
Ұқсас жаңалықтар
2 мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Польша Президенті мен Премьер-министріне ризашылық білдірді
30 сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королін мерейтойымен құттықтады
30 сәуір, 2026
Президент Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады
30 сәуір, 2026
Тоқаев Халықаралық кинология федерациясының президентін қабылдады