Референдум-2026

Елімізде алғаш рет дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиыны басталды

Бүгін, 16:36
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елімізде алғаш рет дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиыны басталды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Бүгін Алматыда дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Жиынға әлемнің 30 елінен келген 700-ден астам дзюдошы қатысады. Олардың қатарында Олимпиада, әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бар. 

Атап айтқанда, Олимпиада чемпиондары Елдос Сметов (Қазақстан), Лаша Шавдатуашвили (Грузия), Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (Қазақстан), әлем чемпиондары Рюдзю Нагаяма (Жапония), Санширо Мурао (Жапония), Инал Тасоев (Ресей), Тимур Арбузов (Ресей), Тато Григалашвили (Грузия), Мими Хух (Оңтүстік Корея) және өзге де әлемнің үздік дзюдошылары оқу-жаттығу жиынына қатысады.

Жаттығу Олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтуде. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл бірлескен халықаралық оқу-жаттығу жиыны 15 тамызға дейін жалғасады.

Еске салсақ, Қазақстан жүзуден АҚШ-тағы халықаралық турнирде 17 медаль жеңіп алды.