Елордада бүгін 100-ге жуық жол апаты тіркелді
10 наурыз, 2025
фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада ауа райының нашарлауына байланысты шамамен 100 жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Таңертеңнен бері елорда аумағында жүзге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ауа-райының нашарлауына байланысты Астана қаласының полиция департаменті жеке көлікпен жолға шыққанда ауа райының қолайсыздығы мен қозғалыс шектеулері туралы ақпаратты ескеруге шақырады. Коммуналдық қызметтердің қар тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеу үшін көлік құралдарын жол жиегінде қалдырмауларыңызды сұраймыз», – делінген ақпаратта.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Астанада 13-қабаттағы пәтер мен лоджияда өрт шықты
19 қыркүйек, 2026
Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылды
17 қыркүйек, 2026
Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
16 қыркүйек, 2026
Бас прокуратура ескертеді: Талдықорғандық трейдингке сеніп 7 млн теңгесінен айырылды