«14 карат»: Ерке Есмахан күйеуі Раймның сыйлығын көрсетті
3 маусым, 2025
Фото: https://www.instagram.com/stories/erke_esmahan
Өнер иесі перзентханаға барар алдында күйеуінен сыйлық алды. Бұл туралы Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Күнде күйеуіме бекер дәмді тағамдар дайындап жүрген жоқпын. Бриллианттардың ортасына алып келді. Түрлі түсті тастары бар жүзікке қызығып жүр едім. Көздің жауын алатын тастар екен. Өзіме изумруд тасы бар жүзік ұнап тұр. 14 карат екен», – деп жазды әнші.
Одан кейін жүкті кезде алған сыйлықтарын босанғаннан кейін оқырманға көрсететінін жеткізді.
«Күйеуім бір сақинамен тоқтамады. Алла бұйырса, аман-есен босанып алайын, сосын аяғым ауыр кезде алған барлық сыйлыққа анпакинг жасаймын. Қыздар, бар жақсылыққа лайықпыз. Осыны ұмытпаймыз», – деді өнер иесі.
Ұқсас жаңалықтар
12 қараша, 2025
Танымал блогер Елдос Қадырханов әке атанды
3 қараша, 2025
«Бақыт құшағында» мюзиклі Парижде үздік дебют атанды
31 қазан, 2025
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады
19 қазан, 2025
«Он күн нәр татпадым»: Салтанат Бақаева пышаққа түскенін айтты