Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді


Астанада 50-ден астам жұмыс берушінің қатысуымен бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
28 ақпанда елордада Жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған бос орындар жәрмеңкесі өтеді. «Нұра» ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін іс-шарада 50-ден астам жұмыс беруші білім беру мен медицинадан бастап бизнес пен мемлекеттік қызметке дейінгі түрлі салада 200-ден астам бос жұмыс орнын ұсынады.
Жәрмеңке «Барыс Арена» мұз сарайында (Тұран даңғылы, 57) сағат 13:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Кіру тегін. Жәрмеңкеге барлық жастағы тұрғындар қатыса алады.
Келушілер компания өкілдерімен тікелей сөйлесіп, еңбек жағдайлары және жұмыс кестелерімен танысып, өз түйіндемелерін қалдыра алады.
Жәрмеңкеге қатысқысы келетін жұмыс берушілер төмендегі нөмірлер бойынша хабарласа алады: +7 (776) 111-80-08; +7 (771) 111-88-81; +7 (776) 978-99-00; 55-00-48.



