Елордада Aulafit спорттық-әлеуметтік жобасының ашылу салтанаты өтті


Бүгін елордадағы «Мадрид» тұрғын үй кешенінде 5 жыл қатарынан жүзеге асырылып отырған Aulafit жобасының жазғы маусымы ресми басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Жобаның ашылу шарасына Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов қатысты.
«Бүгінгі күні Астана қаласында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Ұйымдастырылып отырған бұл жоба – аталған бағыттағы маңызды бастамалардың бірі. Жазғы демалыс кезінде балалардың аталған шараларға тегін қатысуы олардың бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулығын нығайтуына және ең бастысы, зиянды әдеттерден, оның ішінде нашақорлықтан бойын аулақ ұстауына үлкен септігін тигізеді. Бұл — өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына жол ашатын игі бастама», - деді Азамат Ағзамов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан жоба қыркүйек айының соңына дейін тегін түрде өтеді. Қатысам деушiлердiң жасына ешқандай шектеу қойылмайды.
«Aulafit жобасының елорда тұрғындары арасында салауатты өмір салты мен белсенді өмірге ұмтылысына айналғанына бесінші жыл толып отыр. Биыл жаттығулар қаламыздың 6 ауданы бойынша 30 аула алаңында өтеді. Сабақтар маусымнан қыркүйек айының соңына дейін, дүйсенбі мен сенбі күндері аралығында жалғасады», - деп атап өтті Aulafit жобасының жетекшісі Айтжан Мусин.
Еске салайық, Aulafit жобасы алғаш рет 2020 жылы басталып, сол жылдың мамыр айынан бастап iске қосылған. Осы орайда жоба аясында тұрғындарды жаттықтырып жүрген білікті бапкер Айгерім Уәлиева да ойын бөлісті.
«2 жылдан бері осы жобаға атсалысып келемін. Мен былтыр «Мадрид» тұрғын үй кешеніне жауапты болдым. Таңертең үлкен кісілер, түстен кейін балаларды жаттықтырдым. Қатысушылар тек жүгіріп қана қоймай, йога, жалпы дене дайындығымен айналысты. Ал кішкентай жастағылардың қай спортқа бейім екендігін анықтап, сол саланың бапкерлеріне айтып отырдық. Мысалы, былтыр 3 баламыз жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айналысуға шешім қабылдады. Ал үлкен кісілеріміз тек ауламен ғана шектеліп қоймай, қалалық марафондарға қатысып үлгерді», - деді Aulafit жобасының бапкері Айгерім Уәлиева.
Aulafit жобасы аясында өтетін жаттығулар кестесі:
09:00 - 10:00 – аға буын өкілдеріне арналған жаттығу
10:00 - 11:00 – ұлдар мен қыздарға арналған сабақ
17:00 - 18:00 – 6-10 жас аралығындағы балаларға арналған жаттығу
18:00 - 19:00 – 11-15 жастағы балаларға арналған сабақ
19:00 - 20:00 – жастарға арналған жаттығу
Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жаттығу өтетін аулалар тізімі:
1. Бөгенбай батыр даңғылы, 54
2. Тілендиев даңғылы, 36
3. Бейбарыс Сұлтан көшесі, 11 – «Qazanat River» ТК
4. Қошқарбаев даңғылы, 45
5. Кенесары даңғылы, 64 – «Дарын» ТК
6. А. Байтұрсынұлы көшесі, 39 – «Сатурн» ТК
7. Боталы көшесі, 26 – «Еуропалық 1» ТК
8. Мәңгілік Ел даңғылы, 19 – «Айсанам» ТК
9. Момышұлы даңғылы, 12 – «Астана Меруерт» ТК
10. Түркістан көшесі, 10 – «Көркем 2» ТК
11. Әйтеке би көшесі, 15 – «Аркада» ТК
12. Күйші Дина көшесі, 31 – «Мирас» ТК
13. Сауран көшесі, 3/1 – «Сармат 1» ТК
14. Ш. Айтматов даңғылы, 36 – «Жағалау» ТК
15. Қабанбай батыр даңғылы, 59Б – «Будапешт» ТК
Сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері жаттығу өтетін аулалар тізімі:
1. Ш. Уәлиханов көшесі, 25
2. С 303 көшесі, 2
3. Құдайбердіұлы даңғылы, 5
4. Б. Майлин көшесі, 31 – «Апато» ТК
5. Ш. Қалдаяқов көшесі, 23А – «Браво Фэмили» ТК
6. Р. Бағланова көшесі, 2 – «Сезім қала. Бақыт 1» ТК
7. С. Сейфуллин көшесі, 9 – «Жоңғар қақпасы» ТК
8. А. Пушкин көшесі, 15 – «Қытай қорғаны» ТК
9. Ш. Айтматов даңғылы, 60 – «Мадрид» ТК
10. Қабанбай батыр даңғылы, 40 – «Инфинити 1» ТК
11. Қошқарбаев даңғылы, 34 – «Түркістан» ТК
12. Қалдаяқов көшесі, 11 – «Гранд Астана» ТК
13. Ұлы Дала даңғылы, 31/1 – «Алпамыс» ТК
14. Әл-Фараби даңғылы, 34/4 – «Nova City» ТК
15. Сарайшық көшесі, 34 – «Дипломат» ТК



