Қазақстанда бизнес кредитке кепілдік беретін бірнеше қор құрылады

4 наурыз, 2025
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
Қазақстанда бизнес кредитке кепілдік беретін бірнеше қор құрылады

Елімізде шағын, орта және ірі бизнес үшін берілетін кредитке кепілдік беретін бірнеше қор құрылады. Қор туралы толығырақ Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин айтып берді, деп хабарлайды Elorda.info.kz.

Үкімет басшысының орынбасары елімізде ірі бизнестің кредиттеріне кепілдік беру үшін жаңа қор құрылатынын айтты. 

Ірі бизнеске арналған кепілдік беру қоры ірі және стратегиялық маңызды жобаларды кепілмен қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Бұл ірі бизнес санының көбеюіне әсер етеді. Экспорт әлеуеті орасан зор, бәсекеге қабілетті жобаларды құруда өңдеу өнеркәсібінің әлеуеті жоғары. Оның ішінде металл өңдеу, мұнай-газ, агроөнеркәсіптік кешен өнімдері, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнімдері, құрылыс материалдары өндірісі, машина жасау салаларын, сондай-ақ IT саласы бар. Одан бөлек логистика, жүк тасымалдарын, туризмді, шағын және орта бизнесті дамыту үшін эко-орта құрайтын зәкірлік және инфрақұрылымдық жобалар мен кластерлік-жобаларды қаржыландыруға баса назар аударылады, — дейді ол.