00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан жалақы бойынша әлемдік рейтингте 67-орында тұр

18 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Қазақстан жалақы бойынша әлемдік рейтингте 67-орында тұр
Фото: Оңалхан Өнерхан

16 қыркүйектегі жағдай бойынша, Numbeo деректеріне сәйкес еліміз жалақы бойынша рейтингте 96 елдің ішінде 67-орында екені белгілі болды. Елдегі орташа айлық жалақы 582,4 АҚШ долларын құрады, деп хабарлады Elordainfo.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Әлемдегі ең жоғары жалақы – Швейцарияда (7,2 мың АҚШ доллары). Рейтингтің екінші және үшінші қатарында Люксембург (5,8 мың АҚШ доллары) пен АҚШ (4,5 мың АҚШ доллары) тұр.

Бұл ретте ең төменгі жалақы Кубада (37,6 доллар), Египетте (146,5 доллар) және Пәкістанда (180,9 доллар) екені анықталды.

ТМД елдерінің ішінде Армения (608,1 АҚШ доллары) мен Молдовада (599,5 АҚШ доллары) жалақы Қазақстанға қарағанда жоғары. Ресейде, Беларусь елінде, Әзербайжанда, Өзбекстанда және Украинада жалақы Қазақстанға қарағанда төмен.

Ірі қалалар арасында Алматыда орташа жалақы 678,5 АҚШ долларын, Астанада 584,5 АҚШ долларын құрады. Алматы 335 қаланың ішінде 238-орынға жайғасса, ал Астанаға 252-орын берілді.

Алматы ТМД елдерінің қалалары арасында Мәскеу (1,3 мың АҚШ доллары) мен Санкт-Петербургтен (854,5 АҚШ доллары) кейін үшінші орында тұр. ТМД елдерінің қалалары арасында ең төменгі жалақы Бішкекте (352,6 АҚШ доллары), Харьковта (358,5 АҚШ доллары) және Одессада (395,5 АҚШ доллары) тіркелді.