Референдум-2026

Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік: жасөспірімдерге арналған маңызды кеңестер

Бүгін, 09:28
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік: жасөспірімдерге арналған маңызды кеңестер
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ішкі істер министрлігі еске салады: интернеттегі қауіпсіздік қарапайым, бірақ маңызды ережелерден басталады. Әлеуметтік желілер қарым-қатынас жасауға, білім алуға және өміріңіздегі қызықты сәттермен бөлісуге мүмкіндік береді. Алайда ашықтық сіздің қауіпсіздігіңізге қауіп төндірмеуі тиіс, деп хабарлайды Elordainfo.kz

Негізгі ережелер:

- Мекенжайыңызды, телефон нөміріңізді, оқитын мектебіңізді, сабақ кестесін және сіздің орналасқан жеріңізді анықтауға мүмкіндік беретін басқа да жеке мәліметтерді жарияламаңыз;

- Геолокацияны көрсететін фото мен стористі нақты уақыт режимінде салмаңыз. Ондай материалдарды сол жерден кеткеннен кейін ғана бөліскен дұрыс;

- Достар қатарына тек жеке танитын адамдарды ғана қосыңыз;

- Парақшаңыздың құпиялық баптауларын реттеп, жарияланымдарыңызды тек сенімді адамдар көретіндей етіп қойыңыз;

- Бейтаныс адамдарға жеке фотоларыңызды, құжаттарыңызды немесе өзге де құпия ақпаратты жібермеңіз;

- Егер бейтаныс адам сізге шамадан тыс назар аударып, жеке мәліметтеріңізді сұраса, қайда жүргеніңізді білетінін айтса немесе қорқытуға тырысса, онымен байланысты бірден тоқтатыңыз.

- Күмәнді аккаунтты бұғаттаңыз;

- Мұндай жағдайлар туралы міндетті түрде ата-анаңызға, заңды өкіліңізге немесе сенім артатын ересек адамға айтыңыз.

Есіңізде болсын: сіздің қауіпсіздігіңіз жазылушылар саны мен лайктардан әлдеқайда маңызды. Цифрлық ортада қауіпсіздік ережелерін сақтау жеке деректеріңізді қорғауға және ықтимал қауіптердің алдын алуға көмектеседі.