Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Ақмола облысында Аршалы және Сарыоба станцияларының вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды. Жұмыстар теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Қазақстан темір жолы» компаниясына сілтеме жасап.
Қайта құру барысында вокзал ғимараттары жаңартылып, сыртқы және ішкі әрлеу жұмысы орындалды, инженерлік желі ауыстырылып, перрондар қайта жаңартылды және іргелес аумақтар абаттандырылды. Ғимараттарда заманауи жиһаздар мен жабдық орнатылған. Қауіпсіздікке ерекше назар аударылды: жүк көтергіш құрылғылар күшейтіліп, эвакуациялық шығу есіктері көзделген. Мобильділігі төмен жолаушылар үшін жағдай жасалды.
Ғимараттар қасбеттері фиброцемент панельдерімен қапталып, ішкі әрлеуге қазақстандық өндірістің берік, отқа төзімді және жеңіл жуылатын материалдары пайдаланылған.

Аршалы және Сарыоба вокзалдары 2-ші типке жатады. Әр станса арқылы Қазақстан өңірін байланыстыратын 10 жолаушы пойызы жүреді, ал Аршалы стансасы арқылы Ресей Федерациясына халықаралық маршруттар да өтеді. Аршалы стансасының вокзалы 1945 жылы салынған, ал Сарыоба – 1938 жылы.
Еске сала кетсек, реконструкциядан кейін елімізде 30 теміржол вокзалы ашылды.