Каспий теңізінің жағалауындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Каспий теңізінің жағалауындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: АШМ

Сот Ақтау қаласындағы Каспий теңізінің жағалауында орналасқан, жалпы ауданы 5,9 гектар коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жер ресурстарын басқару комитетінің Маңғыстау облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті жоспардан тыс тексеру кезінде жер учаскелерін беру барысында заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады. Атап айтқанда, жер учаскелері сауда-саттық өткізілмей берілген.

Департамент Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы талап-арыз берді. Сот істі қарау нәтижесінде департаменттің талаптарын қанағаттандырды. Осылайша, коммерциялық мақсаттағы жалпы ауданы 5,9 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Еске сала кетсек, биыл бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру басталды.