Референдум-2026

Германияда өткен әлем чемпионатында қазақстандық ескек есуден қола жүлде жеңіп алды

Германияда өткен әлем чемпионатында қазақстандық ескек есуден қола жүлде жеңіп алды
Фото: ҰОК

Германияның Дуйсбург қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Артем Матусевич жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Отандасымыз ерлер арасындағы жеңіл салмақтың жекелей сынында 07:01.56 уақытта мәреге үшінші болып жетіп, қола медаль жеңіп алды.

Алтын жүлдені португалиялық Жоау Велозу (06:59.96) иеленсе, күміс медаль Грекия өкілі Ангелос Каудиске (07:00.62) бұйырды.

Еске салсақ, қазақстандық мергендер әлем чемпионатында екі күміс еншіледі.