Еліміздегі колледждердің ТОП-100 студенті анықталады


Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында республикалық «ТОП – 100 студент» конкурсының басталғанын мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Байқау үш кезең бойынша өткізіледі:
• іріктеу кезеңі – колледж ішінде өтеді;
• өңірлік кезең – әр колледжден бес студент қатысады;
• республикалық кезең – шешуші кезеңде әр аймақтан 10 үздік студент сайысқа түседі.
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын сарапшылар: білім беру, өнер және гуманитарлық ғылымдар, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бизнес, басқару және құқық, әлеуметтік ғылымдар және ақпарат, ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ қызмет көрсету бағыттары бойынша бағалайды.
Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ниет білдірген барлық студенттері қатыса алады.