Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапкершіліктен босатылуы мүмкін

Бүгін, 11:31
Думан Аманжол Думан Аманжол
Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапкершіліктен босатылуы мүмкін
Фото: ҰҚК

Бас көлік прокуратурасы азаматтарға суық қаруды заңсыз сақтау, алып жүру немесе өткізу Қылмыстық кодекстің 287-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Бұл ретте заңсыз сақталған қаруды және өзге де тыйым салынған заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Осыған байланысты көлік прокуратурасы тұрғындарды заң талаптарын қатаң сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді атсалысуға шақырады.

Қарусыз қоғам – қауіпсіз әрі бейбіт болашақтың кепілі.

Еске салсақ, елордада отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылық мәселесі талқыланды.