Air Astana әуекомпаниясының ұшақтары Дубайға қайта қатынай бастайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компанияның мәліметінше, Air Astana 20 маусымнан бастап Алматы-Дубай-Алматы және 10 шілдеден бастап Астана-Дубай-Астана тұрақты рейстерін жандандыруды жоспарлап отыр.
«Иран әуе кеңiстiгiнiң жабылуына байланысты ұшулар Пәкiстан арқылы қауiпсiз және сенiмдi әуе қатынасын қамтамасыз ету мақсатында орындалады», - делінген хабарламада.
Ұшу кестесі кезең-езеңмен кеңейтілетін болады:
Алматы-Дубай-Алматы
15-21 маусым: аптасына 2 рейс (сенбі, жексенбі)
22-28 маусым: аптасына 4 рейс (бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі)
29 маусым - 5 шілде: аптасына 6 рейс (күн сайын, сейсенбіден басқа)
6-12 шілде: аптасына 7 рейс (күн сайын)
Астана-Дубай-Астана
10-19 шілде: аптасына 3 рейс (жұма, сенбі, жексенбі)
20-26 шілде: аптасына 4 рейс (сейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
27 шілде - 2 тамыз: аптасына 5 рейс (дүйсенбі және сәрсенбі күндерінен басқа барлық күндер)
3-9 тамыз: аптасына 7 рейс (күн сайын)
Билеттері 31 шілдеге дейін қайта брондалған жолаушыларға: 20 маусымнан бастап Алматыдан Дубайға, 10 шілдеден бастап Астанадан Дубайға ұшуға тегін қайта брондау ұсынылады.
«Әуе компаниясы аймақтағы оқиғаларды бақылайды және Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ұшу кестесін түзетуі мүмкін, сондай-ақ қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді», - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Air Astana әуекомпаниясы Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Алматы және Астанадан Дубайға ұшатын рейстерді тоқтатқаны туралы жаздық.