Соңғы үш жылда Балқаш көліне шамамен 40 млрд текше метр су келіп, бұл көл деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 2024 жылы Балқаш көліне шамамен 15,9 млрд текше метр су жіберілсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 13,9 млрд текше метр болды. Ал биыл жыл басынан бері көлге 9,7 млрд текше метрден астам су келіп түсті.
Балқашқа су Қапшағай су қоймасынан жіберіледі. Ол трансшекаралық Іле өзенінің суын реттеп отырады. Биыл Қапшағай су қоймасы 98%-ға толды. Ал алдыңғы екі жылда су қоймасы толық көлемде 100% толтырылған.
«Іле өзені арқылы Балқашқа келетін су көлемі көпжылдық орташа көрсеткішке сай. Бұл көлдегі су деңгейін тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік беріп отыр. Қазір Балқаштың су деңгейі Балтық биіктік жүйесі бойынша теңіз деңгейінен 341 метр белгісінде сақталуда. Сонымен қатар француз сарапшыларымен бірлесіп, Балқаш көлін 2040 жылға дейін сақтауға арналған бас жоспар әзірленіп жатыр. Далалық зерттеулер жүргізілді. Қазіргі уақытта алынған нәтижелерге талдау жасалып жатыр», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Еске салса кетсек, Ақмола облысында үш ауыл орталықтандырылған суға қосылды.