Бакуде Қазақстаның жаңа контейнерлік кемесі құрастырыла бастады

Бакуде Қазақстаның жаңа контейнерлік кемесі құрастырыла бастады
Фото: Көлік министрлігі

Баку кеме жасау зауытында Қазақстан үшін сыйымдылығы 780 TEU алғашқы мамандандырылған контейнерлік кеменің килін қалау рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба Abu Dhabi Ports Group компаниясымен ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып жатыр. Рәсімге Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов қатысты.

Жоба «Қазмортрансфлот» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы мен Abu Dhabi Ports арасындағы серіктестік шеңберінде іске асырылады.

2027 жылдың соңына дейін Каспий теңізінде контейнерлік жүктерді тасымалдауға арналған екі заманауи контейнерлік кемені жасау жоспарланған.

Жаңа кемелер Қазақстанның контейнер жүктерін теңіз арқылы тасымалдау мүмкіндігін кеңейтіп, Транскаспий халықаралық көлік бағыты (Орта дәліз) бойындағы еліміздің позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ іс-шара барысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен Баку кеме жасау зауытының бірлескен жобасы талқыланды. Екі құрғақ жүк кемесін әзірлеу жөніндегі келісімшартқа қол қойылған. Қазіргі уақытта кемелердің дизайны әзірленіп жатыр. Оларды тапсыру 2028 жылға жоспарланған.

Отандық сауда флотын дамыту Қазақстанның көлік саясатының басым бағытының бірі болып табылады. Биыл сәуір айында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы алты кеменің, оның ішінде екі контейнерлік кеменің құрылысын бастау туралы келісім жасасты. Бұл кемелер Баку кеме жасау зауытында құрастырылады.

Еске сала кетсек, елімізде контейнерлік тасымал көлемі артып келеді