Дәурен Қосанов ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты
Ресей астанасында Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Отырысқа Қазақстан делегациясын Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастап барды.
Кездесу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери қауіпсіздігіне қатысты өзекті сын-қатерлер мен қауіптер талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің басқару органдары мен күштері мен құралдары құрамаларының 2027 жылға арналған бірлескен даярлық іс-шараларының жоспары бекітілді.
Сонымен қатар, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің авиациясын дамытуға және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін жетілдіруге бағытталған шешімдерге қол қойылды.

Еске салсақ, Ұлттық қорғаныс университетінде шетелдік әскери қызметшілер тілдік курстан өтті.