Қызыл кітапқа енген торғайды заңсыз аулаған елордалық ұсталды
10 желтоқсан, 2024
Фото: polisia.kz
Ақмола облысының Бұланды ауданында 54 жастағы Астана қаласының тұрғыны жабайы құстарды тор құрып, заңсыз аулап жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Браконьердің торына Қызыл кітапқа енген сирек құстың бірі – қара басты пайызторғайлар түскен.
Полиция 76 құсты тәркіледі. Оның көбі торда өліп қалған.
Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, тәркіленген құстарға сот-биологиялық зерттеу тағайындалды. Тергеу нәтижесінде күдіктіге қатысты шешім қабылданады, - делінген ІІМ хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
9 қыркүйек, 2026
ЭЫДҰ: Қазақстанның ресми статистикасы озық халықаралық тәжірибеге толықтай дерлік сәйкес келеді
9 қыркүйек, 2026
870 мыңға жуық заң бұзушылық: «ҚазАвтоЖол» артық жүк мәселесінің ауқымын жариялады
9 қыркүйек, 2026
Астанада құтқарушыларға жаңартылған қызметтік пәтерлердің кілттері берілді
8 қыркүйек, 2026
Қазақстаннан Сингапурға әуе рейсі ашылады