00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дәулетбек Талдыбаев: Жолдаудың ел болашағының дамуында алар орны ерекше

5 қыркүйек, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Дәулетбек Талдыбаев: Жолдаудың ел болашағының дамуында алар орны ерекше
фото: Д. Талдыбаев жеке мұрағатынан

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 7552 әскери бөлімінің жеке құрамы Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген басымдықтарды қолдайтынын жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Аталмыш жолдаудың ел болашағының дамуында алар орны ерекше. ҚР Президенті өз жолдауында мәдени код, эволюциялық даму, АЭС байланысты 6-қазанда өтетін жалпы халықтың референдум, әлеуметтік әмиян, қарызсыз қоғам, мектеп оқушыларына түсіндірілетін қаржылық сауаттылыққа байланысты ауқымды ой- пікірлерін ортаға салды. Біз республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сындарлы саясатының арқасында табысты еңбек етіп, үлгілі ұрпақ тәрбиелеп, бейбіт аспан астында өмір сүруді қалаймыз. Сондықтан Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауында сарбаздардың қоғамдық қауіпсіздігіне тікелей басшылары жауап береді», - деді 7552 әскери бөлімінің командирі подполковник Дәулетбек Талдыбаев.

Сонымен қатар ол әскерилер еліміздің жаңа экономикалық саясаты мен заң -  тәртіп қуатын нығайту жоспарларын толық қолдайтынын жеткізді.

«Президентіміздің дәстүрлі жолдауында алға қойылған міндеттерді орындау мемлекетіміздің жан-жақты дамуына жол ашып, тәуелсіздігімізді нығайта түседі. Адамның қауіпсіздігі мен қажеттілігі басты назарда болатыны ертеңгі күнге зор үміт арттырады», - деп қорытындылады Д. Талдыбаев.