Әлеуметтік желі арқылы адам ағзасын сатпақ болған азамат ұсталды
Фото: Оңалхан Өнерхан
Ақтөбе облысында өзінің ішкі ағзаларын сатпақ болған азамат ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ақтөбе облысы прокуратурасымен әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында «E» есімді азаматтың өзінің ішкі ағзаларын сатуы бойынша ықтимал мәміле жасау туралы ақпарат алынды.
2024 жылдың 25 қыркүйегінде прокуратураның бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы аясында, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзінің ішкі ағзаларын 9 млн теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақшы болған «E» есімді азаматты ұстады.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:01
ХҚКО мереке және демалыс күндері қалай жұмыс істейді
Бүгін, 12:30
«Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз»: алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты
Бүгін, 08:51
«Хабар» агенттігі 30 жылдық мерейтойын атап өтті
23 қазан, 2025
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету жөнінде жаңа кеңсе құрылады
