Jibek joly телеарнасында «Жақсы адам – 2025» жаңажылдық концерті ұйымдастырылады, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін кешті жұлдызды жұп – Қыдырәлі мен Қарақат жүргізеді.
Дәстүрлі жобада ерен еңбегімен, игі ісімен үлгі болған жандар «Жақсы адам – 2025» арнайы сыйлығымен марапатталады.
Іс-шара 18 желтоқсан, сағат 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.
Еске салайық, бұдан бұрын «Астана Опера» скрипкашылары атақты композитор Иоганн Бахтың шығармаларын орындайтыны туралы хабарлаған едік.