00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық параспортшы әлемдік додада қола медаль еншіледі

Елордалық параспортшы әлемдік додада қола медаль еншіледі
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтынан

Үндістанның Бангалор қаласында көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында шахматтан 12-ші әлем чемпионаты өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыста жаcөспірімдер арасында классикалық турнирде өнер көрсеткен 11 жасар Нұрғиса Қуанышұлы қола жүлдегер атанды.

«Шахматтан әлем чемпионаты әйелдер және жасөспірімдер арасында өтті. Жарысқа елімізден 3 спортшы қатысты. Жасөспірімдер арасында Нұрғиса әлемдік додаға алғаш рет қатысып, 9 турдың қорытындысы бойынша 6 ұпай жинап қола медальді иеленді. Биыл шілде айында Арменияда ересектер арасында өткен әлем чемпионатында да ұлттық құрама спортшылары алтын мен күміс медаль еншілеген еді», - деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының шахматтан аға жаттықтырушысы Зинятқыз Нүсіпбаева.

Айта кетейік, Нұрғиса Қазақстан бойынша көру мүшесі зақымданған жастар арасындағы әлем чемпионаттарының алғашқы жүлдегері атанды.