Ұлттық статистикасы бюросының делегациясы Корея Республикасының Деректер және статистика министрлігінде оқу сапарымен жүр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара Азия даму банкінің қолдауымен іске асырылып жатқан Статистиканы жетілдіру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.
Негізгі мақсат – ресми статистика мен деректерді жинау және тарату саласындағы Оңтүстік Кореяның озық тәжірибесін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді жетілдіруге арналған заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді зерделеу.
Алынған білім Қазақстанның ұлттық статистика жүйесін одан әрі жаңғыртуда пайдаланылатын болады.