Референдум-2026

Тоқаев пен Кобахидзе бірлескен мәлімдеме қабылдады

Бүгін, 20:10
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Тоқаев пен Кобахидзе бірлескен мәлімдеме қабылдады
Фото: Ақорда

Келіссөз қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында Стратегиялық серіктестік орнату жөніндегі бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Екі елдің делегация мүшелері мынадай мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Грузия Мәдениет министрлігі арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Грузия Экономика және орнықты даму министрлігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Грузия Экономика және орнықты даму министрлігі арасында туризм саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.