ҚМДБ дінтанушының әйелді қамшымен ұру туралы видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін, 16:02
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views59
ҚМДБ дінтанушының әйелді қамшымен ұру туралы видеосына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: freepik.com

Дінтанушы Ризабек Батталұлының 9 жыл бұрынғы видеожазбасы әлеуметтік желіде қайтадан кеңінен тарауына және желі қолданушыларының наразылығын тудыруына байланысты Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сол кезде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан дінтанушыға ескерту жасалып, Ризабек Батталұлы қателігін мойындап, 2018 жылы арнайы кешірім видеосын жариялаған болатын.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл пікірлерді қолдамайды. Исламда әйелге құрметпен қарау, ар-намысын қорғау, зорлық-зомбылықтан сақтау – басты талаптардың бірі. Әйелге күш көрсету – шариғатқа да, еліміздің заңдарына да қарсы әрекет. ҚМДБ әйелдердің құқығын қорғауды, отбасындағы өзара сыйластық пен мейірімділікті арттыруды қолдайды», – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.